Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда WTA рейтингісінде 70-орында тұрған мексикалық Рената Сарасуаның мысын басты.
Рыбакина матчты сәтсіз бастап, алғашқы партияны беріп қойды – 4:6.
Бұдан кейін камбэк жасаған қазақстандық спортшы ойынды өз пайдасына шеше білді – 6:0, 7:5.
Екі сағат 22 минутқа созылған тартысты бәсекеде Рыбакина 14 эйспен бірге 16 брейк-пойнттың тек төртеуін пайдаланды. Сарасуа 3 эйс, 1 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.
Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 22-ракеткасы, бельгиялық Элисе Мертенспен таласады. Ол рейтингіде 211-сатыдағы америкалық, 19 жастағы Клерви Нгунуды камбэкпен ұтты - 3:6, 7:6 (7:3), 7:5. Бұл матч 2 сағат 38 минутта бітті.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге алғашқы айналымда чехиялық Барбора Крейчикова – латвиялық Елена Остапенкодан өте алмады – 6:4, 2:6, 8:10.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсекеде Данилина – Крунич 3 эйспен, 2 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті.