Қарағанды облысында қайғылы жағдай болды

Бүгін, 09:43 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қарағанды облысында жол апатынан анасы мен үш айлық сәби көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz. 

2025 жылғы 8 тамыз күні сағат 14:30 шамасында "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автожолының 929-шақырымында жол апаты болды. Қарағанды қаласы бағытындағы бұрылыста "Audi" мен "BMW" көлігі соқтығысқан.

Апат салдарынан "Audi" көлігінде болған 28 жастағы әйел мен оның үш айлық қызы оқиға орнында көз жұмды. 31 жастағы жүргізуші мен оның 8 және 4 жастағы екі баласы (әкесі мен екі бала) медициналық мекемеге жеткізілді, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.