АҚШ-та аз уақытта 10 келіден астам салмақ тастататын дәрі жасалды

8 тамыз, 2025 / Ербұлан Қайрат
cурет: istockphoto.com

Америка Құрама Штаттарында дене салмағын азайтуға көмектесетін алғашқы GLP-1 таблеткалары әзірленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғылыми зерттеулер нәтижесі бұл дәрілердің орта есеппен 12,4% дене салмағын тастауға көмектесетінін көрсетті. Бұл – шамамен 12,5 келі артық салмақтан арылу деген сөз. Зерттеуге 3 000 адам қатысқан және ол 1,5 жыл бойы жүргізілген.

Таблеткалардың әсер ету механизмі инъекциялық Ozempic препаратымен бірдей: олар адамның тәбетін басады, тоқтық сезімін күшейтеді әрі инсулин деңгейін реттеуге көмектеседі. Сонымен қатар, жүрек-қан тамырлары жүйесіне түсетін қауіп-қатерді де азайтады.

Препарат 2026 жылы сатуға шығады.

Тэгтер:

Артық салмақ АҚШ дәрі