Каратеші Мөлдір Жаңбырбай Қытайдағы жарыстың жартылай финалына шықты

Бүгін, 12:34 / Алуа Арман
Спортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Чэнду (Қытай) қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында каратеден бірінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ең жеңіл 50 келі салмақта әлем чемпионы саналатын Мөлдір Жаңбырбай топтық кезеңдегі 2 қарсыласын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Силия Уикен (21 жасқа дейінгі әлем чемпионы) - 4:0.

Йоргелис Салазар (2022 жылғы Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері) - 3:0.

Жунхуй Ванг - 0:1

Енді отандасымыз Астана уақытымен 13:55-те 2 дүркін Еуропа чемпионы Ема Сгарделлимен (Хорватия) финалдық жолдаманы сарапқа салады.

Тэгтер:

жарыс Мөлдір Жаңбырбай жартылай финал карате