Прокуратурада Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық істің не себепті тоқтатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ведомствоның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілген.
«Жиналған дәлелдер, сараптамалық қорытындылар және өзге де материалдар негізінде Нұрқанат Ғайыпбаевтың өлімі өз-өзіне қол жұмсау (суицид) салдарынан болғаны анықталды. Үшінші тұлғалардың ықпалымен өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактілері анықталған жоқ. Сондықтан биылғы жылдың 17 маусымында сотқа дейінгі тергеу органы ҚПК талаптарына сәйкес акт негізінде істі тоқтатты», – деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.