Димаш Құдайбергеннің қарындасы ақ босаға аттады

Бүгін, 10:30 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Димаш Құдайбергеннің жалғыз қарындасы Раушан Құдайберген ұясынан ұшып, ақ босаға аттады. Әлеуметтік желіде оның жаңа үйінің ақ босағасын аттап жатқан сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Видеодан Раушанның ұлттық киім мен сәукеле киіп, жүріп келе жатқанын көруге болады. Жеңгелері алдынан шымылдық ұстап келеді.

Желі қолданушылары бұл көрініске сүйсініп, жас жұбайларға бақыт тілеп жатыр.

Бұған дейін жас жұбайлардың той алдында түсірген Love Story видеосы тараған болатын.

Тэгтер:

келін Димаш Құдайберген ұзату Раушан Құдайберген ақ босаға