Ақтауда жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Бүгін, 08:49 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Ақтау қаласының 31А шағынауданында жасөспірімдер арасында топтық жанжал болды. Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары оқиға орнына дереу жетіп, жанжалға қатысқан жасөспірімдерді анықтап, оларды ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жасөспірімдердің ата-аналары балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қайталанса – қатаң жаза

Жанжалға қатысқан барлық жасөспірім профилактикалық есепке қойылды. Ведомство өкілдері мұндай құқықбұзушылық қайталанған жағдайда жасөспірімдер мен олардың заңды өкілдеріне қатысты қатаң шаралар қолданылатынын ескертті.