Қазіргі әнші ретінде елге таныстырып жүрген Мөлдір Мұқанова отбасындағы жағдайды қойылым арқылы көрсеткендей болып, жұртты ойландырып қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.
“Сен менсіз ешкім емессің” дедің
Сол сәтте мен үнсіз қалдым.
Бір кезде сені сүйгенмін.
Сөзіңе сенгем.
Мені қолдайды, қорғап жүреді деп ойлағам.
Бірақ сен мені әлсіз етіп, өзіңе бағынышты еткің келді.
Қыздар, егер біреу сізге дауыс көтерсе — бұл зорлықтың бастамасы.
Егер біреу сені итерсе, шапалақпен ұрса — бұл зорлықтың жалғасы.
Егер біреу саған “Сен менсіз ешкім емессің” десе — бұл психологиялық қысым!
Есіңде болсын:
Сенің өміріңде ешкімнің дауыс көтеруге, қол көтеруге, қадіріңді таптауға құқығы жоқ.
Сен – құндысың.
Сен – нәзік, бірақ мықтысың.
Сен – тыныш, қауіпсіз өмірге лайықсың", — деп жазды ол.
Көпшілік Мұқанованың бұлай жазба жариялауына күйеуі Тұрсынбек Қабатовты кінәлап түрлі пікір жазып жатыр.