Синоптиктер ауа райы байланысты дауылды ескерту жасады

Бүгін, 05:09 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

8 тамызда Қазақстанның 15 облысында, сондай-ақ Астана мен Шымкент қалаларында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана қаласында найзағай және 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-шығыс желі күтілуде.

Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс және солтүстік өңірлерде, сондай-ақ Абай облысында күндіз найзағай мен бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Кейбір аймақтарда өрт қаупі жоғары.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарында найзағай, бұршақ, қатты жел және қатты ыстық (35-41 градусқа дейін) болады деп болжануда. Кей жерлерде тұман және шаңды дауыл да күтіледі.

Ең жоғары температуралар Қызылорда облысында 40-41 градусқа, Маңғыстау облысында 38-40 градусқа жетеді.

Көптеген өңірде өрттің таралу қаупі жоғары немесе төтенше деңгейде, тұрғындарға сақ болуға кеңес беріледі.