Айқын Төлепберген өзгелерге қарағанда неліктен тез жүретінін түсіндірді

7 тамыз, 2025 / Өтей Торғайұлы

Белгілі әнші жылдам жүруінің басты себебін атады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде түсіндірген. Бұл туралы айтуына Алматы әуежайының баспалдағынан түсіп келе жатқан видеосы себеп болған.

«Он алты жасыма дейін бесінші қабатта тұрдым. Лифт жоқ. (Қазақтарға ол кезде тек бірінші не бесінші қабаттан ғана үй беретін). Үйге жиырма секундта көтерілетінмін. Содан шығар, жүргенде де тез жүремін», - деп жазды Айқын Төлепберген өзі жариялаған бейнежазбаның сипаттамасына.

Еске салсақ, бұған дейін Айқын Төлепбергеннің отбасына қатысты сүйінші жаңалығын айтқаны туралы жазған едік.

Тэгтер:

лифт Айқын Төлепберген