Дастан Сәтпаев атақты кәсіпкердің жиені болып шықты (ВИДЕО)

7 тамыз, 2025 / Өтей Торғайұлы

«Қайрат» футбол клубы құрамында доп тебетін танымал 16 жастағы футболшы Дастан Сәтпаев белгілік кәсіпкердің туысы болып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы шабуылшының туысы әлеуметтік желіде жазды.

«Қазақтың бүгіні мен ертеңі! Мені инста көре алмай қара банға тастаған сияқты. Қазақтар, барыстар қолдау керек. Лайк басып, коммент жазып тастаңыздар!», - деп жазды кәсіпкер Айбек Барыс.

Сондай-ақ жас футболшы нағашысының үйіне барып, оған өз футболкасын сыйлаған.

Еске салсақ, бұған дейін алматылық «Қайрат» пен лондондық «Челси» клубы 16 жастағы шабуылшының трансфері бойынша келісімге келгені туралы жазған едік. Ол 2026 жылдың жазында кәмелеттік жасқа толған соң ресми түрде ағылшын командасына қосылады. 


 

Тэгтер:

Челси Дастан Сәтпаев