Алматыда полиция қызметкері зейнеткердің гүлін тартып алған

7 тамыз, 2025 / Өтей Торғайұлы
Видеодан алынған скриншот

Алматыда полицей зейнеткердің заттарын түсініктемесіз алып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл оқиға жайлы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Алматыда полицей зейнеткер әйелдің сатып отырған гүл шоғын тартып алып, үнсіз қызметтік көлігіне салып алып кеткен. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, желі қолданушылары арасында наразылық тудырды. 

Кадрлардан полицейдің зейнеткер әйелдің наразылығын да, куәгердің "тауарды неге алып жатырсыз?" деп сұрағында елемегенін көруге болады. Қызметкер гүлдерді қызметтің көліктің жүксалғышына салып кетіп қалады.

Зейнеткер әйел сауда жасауға рұқсаты бар екенін айтады. 

Алматы қалалық полиция департаменті видеодағы полицейдің әрекетіне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Тексеру нәтижесі бойынша кінәлі тұлғаға қатаң тәртіптік жаза қолданылады. Айта кетейік, аталған учаскеде рұқсатсыз сауда жасау деректері бұған дейін де бірнеше рет тіркелген", – делінген хабарламада. 

Тэгтер:

Полиция Алматы