Жаңалықтар

Үндістанда жүрегі сыртында орналақан сәби дүниеге келді

ашық дереккөзі

Үндістанда жүрегі сыртында орналақан сәби дүниеге келді

5 сәуір күні Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында сирек кездесетін туабітті кемістігі бар қыз дүниеге келді. Сол кемістіктен қыздың жүрегі сыртқа шығып кеткен, деп жазды Daily Star. Сәбидің ата-анасы ақау туралы ультра-дыбыстық зерттеуде білген, бірақ ары қарай тексеру жүргізу үшін ерлі-зайыптының ақшасы болмаған. "Біз тұңғышымызды мұнша қиналады деп ойламадық», - деді қыздың анасы. Дәрігерлердің айтуынша, баланың аман қалу мүмкіндігі - 50 де 50. Қызды Дели ауруханасына жеткізді, оған Үндістан медициналық ғылымдар институтының мамандары ота жасайды. Жүрек эктопиясы- яғни органның ерекше орынға жылжып кетуі өте сирек кездеседі, 150 мың адамның біреуінде ғана болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл ақауға тап болған балалардың 90% өлі күйінде туады немесе өмірінің алғашқы күнінде көз жұмады.