Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жартылай финалда отандасымыз канадалық Виктория Мбокодан (WTA рейтингінде 85-орында) 6:1, 5:7, 6:7 (4:7) есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу 2 сағат 46 минутқа созылды. Рыбакина бес эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың 7-еуін пайдаланды.