Биыл ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осыған орай, turkystan.kz сайты ақынның есімімен байланысты қызықты статистикалық деректерді ұсынады.
Елімізде Абай есімді 18 763 адам тұрады. Бұл есім иелерінің басым бөлігі Астана қаласы (2 089 адам), Түркістан облысы (2 018) және Алматы қаласында (1 719) тұрады.
Абай есімді ең егде жастағы тұрғын 1932 жылы дүниеге келген. Бұл есім ең көп таралған жас тобы – 30-34 жас аралығындағылар, олардың саны – 3 228 адам. Ал жыл басынан бері Абай есімі 157 нәрестеге берілген.
Аталған есім қыз балаларға да қойылған, Қазақстанда Абай есімді 10 әйел тіркелген. Ибраһим (Ибрагим, Ибрахим) есімді азаматтардың саны елімізде 35 404 адам.
Ақынның құрметіне елімізде 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауылға ұлы тұлғаның есімі берілген екен.