Атырауда 80 жастағы қария сегіз баласы мен немересінен алимент өндіріп алды

Бүгін, 11:17 / Алуа Арман
istockphoto.com

Атырау қаласында 80 жастағы зейнеткер өзін асырау үшін 8 баласы мен бір немересінен алимент өндіру туралы арызбен сотқа жүгінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол денсаулығы мен қаржылық жағдайының нашарлағанын айтып, бірнеше жылдан бері жалғыз тұратынын және жақындарының көмегіне мұқтаж екенін жеткізген. Айтуынша, оған тек бір ұлы ғана көмек көрсетеді.

«Атырау қалалық соты тараптардың қаржылық және отбасылық жағдайын саралай келе, талапкердің талап-арызын ішінара қанағаттандыру қажет деген қорытындыға келді. Сот зейнеткердің тамағы мен дәрі-дәрмегіне оның 8 баласы мен немересінің әрқайсысынан 3 АЕК көлемінде алимент өндіру туралы шешім шығарды», – делінген хабарламада.

Тэгтер:

Атырау алимент зейнеткер қария