Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

7 тамыз, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 2025 жылғы 07 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Ақтөбе қалаларында, түнде Атырау қаласында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.