Жетісу облысында найзағай соққан ер адам көз жұмды

7 тамыз, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Жетісу облысындағы Ескелді ауданының тұрғынын найзағай соқты, ол сол мезетте көз жұмған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 3 тамызда болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан қимылсыз жатқан адамды, екі ат пен итті көруге болады.

"Найзағай соққан адам мал бағып жүрген. Малшы көз жұмды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - дейді ведомство.

Марқұмды найзағай соққанын онымен бірге жүрген малшы хабарлаған.