Ганада тікұшақ апатынан екі министр қаза тапты

6 тамыз, 2025 / Өтей Торғайұлы

Гана Қорғаныс министрі Эдвард Омане Боама мен Қоршаған орта, ғылым және технология министрі Ибрагим Муртала Мұхаммед тікұшақ апаты салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Oxu.Az хабарлауынша, бұл туралы Ghanaweb жаңалықтар порталы Гана Қарулы күштері Бас штабының басшысы Джулиус Дебраға сілтеме жасап жазды.

Мәліметке сәйкес, тікұшақ елдің оңтүстігіндегі Акрофуон қаласының маңында апатқа ұшыраған. Жерге құлағаннан кейін тікұшақ өртеніп кеткен. Бас штаб басшысының айтуынша, апат салдарынан төрт адам көз жұмған, олардың екеуі — министрлер.

Министрлер жедел ақпаратқа сәйкес заңсыз табиғи ресурс өндіру жүріп жатқан өңірге бара жатқан. Қазір оқиға бойынша тергеу басталды.

Тэгтер:

Тікұшақ Гана