Чемпиондар лигасы: «Қайрат» футбол клубы «Слован» командасын жеңді

6 тамыз, 2025 / Өтей Торғайұлы

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын Братиславадан келген словактық «Слован» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Ойынға Нидерландыдан келген төрешілер бригадасы жетекшілік етті. Бас төреші — Сердар Гөзюбүйүк.

Бірінші таймда алаң иелері айқын басымдық көрсетті, бірнеше қауіпті сәттер жасады, алайда оларды голға айналдыра алмады. Екінші таймда қонақтар шабуылға жиі шыға бастады. Алайда 85-минутта Рахим Ибрахим қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осыдан кейін алматылықтар матчтың соңғы бөлігін сан жағынан басым өткізді.

Дегенмен есеп тек 90-минутта ашылды. «Қайрат» сапынан Дастан Сатпаев пенальтиден гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Есеп — 1:0. Бұл — қазақстандық клуб үшін Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы тарихи жеңіс.

Тэгтер:

Қайрат Слован