Ақмола облысының Қосшы қаласында бүлдіршін тұрғын үйдің үшінші қабатындағы ашық терезенің ернеуіне шығып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиғаның куәсі болған адамдар бірден төтенше жағдайлар қызметіне хабар берген.
Құтқарушылар мен полиция оқиға орнына жедел жетіп, баланы аман-есен ішке кіргізді.
Полиция департаментінің дерегінше, баланың денсаулығына ешқандай зиян келмеген. Ата-анасына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, балалардың қауіпсіздігіне, әсіресе жаз айларында терезе маңында сақ болу керектігі ескертілді.