Қызылордалық әйел TikTok арқылы терроризмді насихаттаған

6 тамыз, 2025 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Қызылорда облысында 39 жастағы тұрғын «TikTok» әлеуметтік желісінде терроризмді насихаттап, діни алауыздық тудыратын аудио және бейнежазбалар таратқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру кезінде деструктивті діни ағым өкілін ұстады.

"Оған қатысты қылмыстық кодекстің 174, 256-баптары бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілді. Нәтижесінде Қызылорда қалалық сотының үкімімен әйел кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.