Омыртқаға қатты зиян келтіретін 3 әдет

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Metropoles басылымының хабарлауынша, мына 3 әдет омыртқаға айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Олар – гаджеттерді еңкейіп қарау, бір орында ұзақ отыру мен ыңғайсыз жастық, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дәрігердің айтуынша, смартфон мен өзге де құрылғыларды еңкейіп қолдану мойын бөлігінің артық жүктемеге ұшырауына себеп болады. Мойын бұлшықеттері адам басының орташа 4,5-5,5 кг салмағын тік күйде ұстауға бейімделген. Алайда бас алға немесе артқа бір сантиметр қисайған сайын, жүктеме күрт артады.

Сондай-ақ дәрігер қозғалмай ұзақ отыруды да зиян әдеттер қатарына жатқызды. Қозғалыс тапшылығы арқадағы бұлшықет массасының азаюына алып келеді, ал бұл өз кезегінде денені дұрыс ұстауға кедергі жасайды. Ұзақ уақыт бойы қозғалмай тұрып қалу да денсаулыққа қауіпті. Ортопедтің айтуынша, мұндай жағдайда міндетті түрде дене қалпын өзгертіп, үзіліс жасау керек.

Сонымен қатар, жастықтың ыңғайсыздығы бұлшықеттердің босаңсуына кедергі келтіреді, соның салдарынан адам таңертең ауырсыну мен жайсыздыққа тап болады.

Тэгтер:

зиян омыртқа әдет