«Өлтіріп, суға ағызып жіберген»: Атырауда екі жігіттің жас қызды не үшін өлтіргені белгілі болды

Бүгін, 14:48 / Алуа Арман
Фото: "Уральская неделя”

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты істі қарау басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс бойынша екі жас жігіт айыпталуда: Құрманғазы ауданынан шыққан 24 жастағы инженер Ризуан Хайржанов және сол ауданның 25 жастағы электр маманы Алтынбек Катимов.

Тергеу мәліметінше, кісі өлтіру алдын ала жоспарланып, ерекше қатыгездікпен жасалған.

Хайржанов Яна Легкодимовамен Атыраудағы мұнай және газ университетінде оқып жүргенде танысқан. Екеуінің арасында қарым-қатынас басталған, алайда жігіт өзінің тұрақты қызы барын жасырған. Яна бұл сатқындықты білген соң, олардың арасында жанжал басталған. Яна Хайржановтың қызына бәрін айтпақшы болып, қарым-қатынасты үзгісі келген. Айыбы әшкере болудан қорыққан жігіт Легкодимованы өлтіруге шешім қабылдайды. Ол өз танысы Алтынбек Катимовке көмек үшін 500 мың теңге ұсынған. Катимов келіскен.

Олар “ВКонтакте” мессенджері арқылы кісі өлтірудің мүмкін жолдарын талқылай бастайды: тұншықтыру, улау, өзін-өзі өлтіруді инсценировка жасау, балконнан лақтыру, суға батыру. Ақыры тұншықтыруды таңдаған. Сондай-ақ олар дәлелдерді жоюды, атап айтқанда, Янаның телефонынан хаттарды өшіруді жоспарлаған.

Алғашқы әрекетті олар 18 қазанда жасаған. Хайржанов Янаны өз пәтеріне шақырған, ол жерде Катимов жасырынған. Онда олар қызды қорқытып, үндемеуді талап еткен. Сол кезде кісі өлтіру кейінге қалдырылған. Хайржанов Янаны үйіне апарған, бірақ түнде жанжал қайта өршіген. Хайржанов Катимовты қайта шақырып, жоспарды жүзеге асырған. Яна көліктен түсіп кетпек болғанда, оны күштеп қайта отырғызған. Хайржанов қызды өз қолымен тұншықтырып өлтірген. Кейін қылмыскерлер оның ұялы телефонын ұрлап, Талдықұдық ауылы жаққа қарай бет алып, денені Жайық өзеніне тастаған. Содан соң қалаға оралып, тергеу дерегі бойынша, «атқарылған істі» барда атап өткен.

Сегіз айдан кейін, биылғы 20 маусымда Жайықтың жағасынан адам сүйектері табылды. Сараптама олардың Янаға тиесілі екенін анықтады. Анасы қызының сүйегін БҚО-да жерледі. Өліктің қатты шіріп кетуіне байланысты өлім себебін анықтау мүмкін болмаған, алайда сот-медициналық сарапшылар өлімнен кейінгі зақымдану іздерін тіркеген.

Ризуан Хайржанов ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі 7-тармағы «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған кісі өлтіру» бойынша және ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлімі 1-тармағы бойынша «Ұрлық» үшін айыпталуда. Алтынбек Катимов ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі 7 және 8-тармақтары «Алдын ала сөз байласу арқылы және жалданып кісі өлтіру» бойынша және ұрлық бабымен айыпталуда.

Тэгтер:

Адам өлтіру Атырау бойжеткен Яна Легкодимова