Екібастұзда 5 тамыз күні «Богатырь Көмір» ЖШС Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасының локомотив машинисі көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Pavlodarnews.kz жазуынша, болжамды түрде жұмысшыны тоқ соқты.
«Қазіргі уақытта жазатайым оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Біз жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтаймыз», – деп атап өтті Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Абылай Сабыров.
42 жастағы машинист нақты неден қаза болғаны сот-медициналық сараптамадан кейін ғана белгілі болады.
Еске сала кетейік, 2 тамызда «Богатырь Көмір» кенішінде сағат 15:20-да жұмыстарды орындау кезінде 1993 жылы туған қызметкер биіктіктен құлады. Орын алған факт бойынша болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды. Зардап шеккен адамның жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, гемодинамика тұрақсыз, вазопрессорлық қолдау жүргізіледі.