Қытайда тыңшыны ұстап бергенге сыйақы беріледі

Қытайда тыңшыны ұстап бергенге сыйақы беріледі

Қытайда тыңшыны ұстап бергенге сыйақы беріледі
ашық дереккөзі
Қытай билігі шетел тыңшыларымен күреске қарапайым азаматтарды тартуға кірісті. Ол үшін жансыздар туралы мәлімет берген әр азаматқа 72,5 мың доллар сыйақы береді. Себебі жергілікті биліктің мәлімдеуінше, соңғы уақытта шетел құпия қызметтері елдің сыртқы байланысының күшейгенін пайдаланып, белсенділікті арттырған. Осының салдарынан жансыздарға қызмет көрсетіп, пайда табуды көздеген азаматтар да пайда болғанға ұқсайды. 12 баптан тұратын құжатта әр ақпарат үшін төленетін сыйақының құны нақты көрсетілген. Тыңшыларды байқаған азамат тиісті органға телефон, хат немесе өзі келіп хабарлай алады. Бірақ жалған ақпарат бергені үшін де жазаға тартылатыны ескертілген.