6 тамыз күні сағат 14:00-де Alikhan Bokeikhan University-де «Өлең сөздің патшасы» атты халықаралық ақындар мүшәйрасы өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Шараға алыс-жақын шет елдерден және еліміздің әр өңірінен барлығы 100-ге жуық қатысушының келуі жоспарланған. Мүшәйра Абай мұрасын ұлықтауға, ақындар арасындағы мәдени байланысты нығайтуға және шығармашылық жастарды қолдауға бағытталған.
Іс-шараны ұйымдастырушылар — Alikhan Bokeikhan University, ҚР Жазушылар одағының Абай облыстық филиалы, Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана және Семей қаласының әкімдігі.