«Құны – 50 млн теңге»: Қостанайдан ұрланған автокөлік Қарағандыдан табылды

Бүгін, 10:45 / Алуа Арман
istockphoto.com

Криминалдық полиция қызметкерлері Қостанай қаласының тұрғынына тиесілі 2022 жылғы Toyota Land Cruiser 300 маркалы автокөлікті ұрлады деген күдікпен екі адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Келтірілген залал 50 млн теңге көлемінде бағалануда.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрланған көлік Қарағанды облысының Ново-Долинка кенті аумағынан табылды», – деп хабарлады ІІМ.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Тэгтер:

автокөлік ұрлау