Иванка Трамптың әкесінің шешімін өзгерте алды ма?
Иванка Трамптың әкесінің шешімін өзгерте алды ма?
Вашингтондағы Ұлыбритания елшісінің жеделхатындағы ақпаратқа сәйкес, Дональд Трамп қызының ықпалымен өзінің Сирияға қатысты саясатын 180 градусқа өзгерткен.
Independent газетіне сілтеме жасай отырып ТАСС агенттігінң хабарлауынша, АҚШ президентінің қызы Иванка Трамп Твиттердегі парақшасына "Менің жүрегім жараланды, мен ашулымын" деп жазған. Бұл жазбаны ол Идлию елді мекенінде қаза тапқан бейкүнә адамдардың суреттеріне қарап жазған көрінеді. Бұл оқиғаға қатысты АҚШ пен оның жақтастары Сирия билігін кінәлаған болатын. Британия елшісі Ким Даррохтың жазған жеделхатына қарағанда, Дональд Трамп 6 сәуірде Сирияға 59 қанатты Tomahawk ракетасын ұшыруды тапсырған.