Танымал қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі 6 тамызда өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматыдағы «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы хабарлағандай, Мұсабаевпен қоштасу рәсімі 6 тамыз күні таңертең сағат 09:00-де Алматыдағы Офицерлер үйінде өтеді. Осыдан кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта митинг ұйымдастырылады. Мұсабаев Кеңсай зиратына жерленеді.
Еске сала кетейік, кеше қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаевтың қайтыс болғаны белгілі болды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аты аңызға айналған ұшқыш-ғарышкердің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты.
Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Фабричное ауылында дүниеге келген. Ол – Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасы авиациясының генерал-лейтенанты, техника ғылымдарының докторы. 2007-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, 2017-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болған.