Қасым-Жомарт Тоқаев «Аваза» конгресс-орталығына барды

Бүгін, 09:34 / Алуа Арман
Ақорда

Президент Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының делегация басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысу үшін «Аваза» конгресс-орталығына барды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов күтіп алды.

Кейін конференцияға қатысушы делегация басшылары бірге суретке түсті

 

Тэгтер:

Тоқаев БҰҰ Түрікменстан Гурбангулы Бердімұхамедов Аваза конгресс орталық