«Сөзге келіп қалған»: Әйелін көлігінің жүксалғышына салып алған ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)

Бүгін, 08:04 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Астанада ер адам көлігінің жүк салғышына әйел адамды салып алып, көлігін айдап кеткені туралы видео әлеуметтік желіде таралды, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Instagram желісіндегі Astana_brothers парақшасында жарияланған видеода ер адам көлігінің жүк салғышын ашқанда әйел адамның жатқанын байқауға болады. Олар сөзге келіп қалғаны, алайда кейін жүргізуші жүк салғышты қайта жауып, әйел адам іште қалған күйі көлікті айдап кеткені көрінеді.

Астана қалалық полиция департаменті аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Аталған факті бойынша құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот бұл құқықбұзушылық үшін әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулы шығарды. Қазіргі уақытта құқықбұзушы әкімшілік қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы қабылдау орнына орналастырылды, – деп жазылған хабарламада.