Балабақшаға қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі

Бүгін, 05:17 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Оқу-ағарту министрлігі балабақшаға қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау жыл бойы жүргізіледі.

"Кезекке қою, құжаттарды қабылдау және жолдама беру бойынша мемлекеттік қызметтерді жергілікті атқарушы органдар "электронды үкімет" веб-порталы немесе ақпараттандыру нысандары арқылы көрсетеді", - дейді министрлік мамандары.

Қажетті құжаттар:

балабақшаға қабылдауға арналған жолдама;

өтініш;

ата-ананың немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат немесе электронды құжаттар қызметінен цифрлық құжат;

баланың туу туралы куәлігі немесе электронды құжаттар сервисінен цифрлық құжат;

№065 нысанындағы профилактикалық егу картасы;

№052-2/У нысанындағы баланың денсаулық паспорты;

№027/У нысанда анықтама;

психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін).