Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысу үшін Түрікменстанға келді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Түрікменбашы әуежайынан Мемлекет басшысын Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.