Балалар қауіпсіздігі – басты назарда: Шығыс Қазақстанда ЖЖИ слеті басталды

Бүгін, 16:53 / Інжу Әлихан
ШҚО

Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 3-13 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында Ғазиз Байтасов атындағы Жас жол инспекторларының республикалық жиырмасыншы мерейтойлық слеті бастау алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ауқымды іс-шараға еліміздің 20 өңірінен, сондай-ақ ТМД елдерінен келген командалар қатысады. Жалпы саны 140-тан астам бала жиналды.

Слетке қатысушы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті әр өңірден келген командаларды күтіп алып, «Дарын» лагеріне дейін қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етті.

Тэгтер:

Шығыс Қазақстан қауіпсіздік