Ақмола облысында ағаш ұрлаған азамат ұсталды

Бүгін, 16:41 / Алуа Арман
polisia.kz

Ақмола облысында ағаш ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

31 шілдеде Сандықтау ауданының полиция бөліміне "Больше-Тюктинское" КММ басшылығынан ағаш ұрлау фактісі туралы өтініш келіп түсті.

Өтініш берушінің айтуынша, 58-кварталдың 23-шісінде белгісіз 5,16 текше метр қылқан жапырақты ағашты ұрлап кеткен. Материалдық залалдың мөлшері нақтылануда.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында полиция қызметкерлері қазіргі уақытта қатысы бар күдіктіні анықтады. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті ағашты алдыңғы тиегішпен жабдықталған тіркемесі бар Т-40 тракторымен шығарып, жергілікті тұрғынның жеріне жеткізген.

Естеріңізге сала кетейік, ағашты өз бетінше кесу немесе ұрлау, оның ішінде мемлекеттік орман қорының аумақтарында заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Тэгтер:

Ақмола облысы ағаш ағаш ұрлау