Доллар бағасы арзандады

Бүгін, 16:29 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 541,82 теңгені құрады. Бұл 1,35 теңгеге төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің 4 тамызға арналған ресми бағамы – 543,24 теңге.

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 539,96 теңге, сату бағамы – 542,27 теңге. Астанада айырбастау пункттері америкалық валютаны орташа есеппен 537,43 теңгеден сатып алып, 544,43 теңгеден сатуда.

Айта кетейік, 30 шілдеде Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар бағамы 550 теңгеден асты. Кейін Ұлттық банк валюта интервенцияларын бастағанын хабарлады. 1 тамызда реттеуші орган «теңгені қолдау үшін» сол күні 125,6 миллион доллар жұмсалғанын мәлімдеді.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге нарық қор