Үкімет қаулысымен Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков Сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
1970 жылы дүниеге келген. Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, академик А.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетін бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
1998–2009 жылдары ҚР кеден органдарында инспектор, аға инспектор, бас инспектор, кеден бекеті бастығының орынбасары, бөлім бастығы болып қызмет атқарған.
2010–2022 жылдары ҚР Статистика агенттігі Қызмет статистикасы басқармасының бастығы, Алматы қаласы бойынша Статистика департаменті бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысы, Алматы қаласы бойынша Статистика департаменттерін басқарды.
2022-2023 жылдары — ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары.
2023 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы.