Атбасар тұрғыны көршісінің көлігін өртеп жібермек болған

Бүгін, 15:55 / Алуа Арман
istockphoto.com

Атбасарда белгісіз біреу жергілікті тұрғынға тиесілі Audi 100 маркалы автокөлікті өртемек болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Көліктің айналасында төгілген бензиннің ізі болды. Жәбірленуші жалынды өз күшімен сөндіріп, оттың таралуына және ауыр зардаптарға жол бермеді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігі «Бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдікті ретінде жәбірленушінің көршісі, 36 жастағы ер адамды анықтады. Белгілі болғандай, оқиғаға дейін көп ұзамай олардың арасында сөзге келіспеушілік болған. Қазіргі уақытта оның бұл іске қатыстылығы тексерілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Тэгтер:

Автокөлік Бензин Атбасар Өртеу