Алдағы үш күнде нөсер жауады

Бүгін, 15:13 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыс циклоны жылжып өтеді, сол себепті жел күшейіп, найзағай ойнап, нөсер жауады, деп хабарлайды turkystan.kz.

6 тамызда Павлодар облысының солтүстігінде, 7 тамызда республиканың солтүстігі мен орталығында – қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

Елдің оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте, батыста шаңды дауыл күтіледі. Солтүстікте, шығыста, елдің орталығында түнде ауа температурасы 2-13 градустан 5-18 градусқа дейін, күндіз 15-25 градустан 18-30 градусқа дейін көтеріледі.

Тэгтер:

Жаңбыр бұршақ нөсер