3 тамыз күні Жетісу облысында нөсер жауыннан бір ауылды су басты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сарыөзек ауылында 48 аула, оның ішінде 8 тұрғын үйдің ішіне су кірген.
Үйлерге су кіру себебі – іргетастың төмендігі, дейді құтқарушылар.
Су сору жұмыстары 22 сағат 10 минутта толық аяқталды.