Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобстың кенже қызы Ив Джобс британдық спортшы Гарри Чарльзге тұрмысқа шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жұптың қарым-қатынасы жайлы толық мәлімет жария етілмеген. Белгілі болғаны, 2024 жылы Ив пен Гарри алғаш рет Instagram желісінде Парижде өткен Олимпиада ойындары кезінде бірге көзге түскен. Сол кезде Чарльз конкур бойынша – атпен кедергілерден өту жарысында алтын медаль жеңіп алған.
Айта кетейік, Стив Джобс – Apple компаниясының тең құрылтайшысы, технология тарихындағы ең ықпалды кәсіпкерлердің бірі. Ол 2011 жылы ұйқыбез обырынан қайтыс болған. Оның төрт баласы бар:
Лиза Бреннан-Джобс – суретші Крисанн Бреннаннан туған;
Рид Джобс, Эрин Джобс және Ив Джобс – жұбайы Лорен Пауэллдан туған.
Ив Джобс – кенже қызы, 1998 жылы дүниеге келген. Ол модельдік мансаппен айналысады және ат спортына әуестігімен де танымал.