БҰҰ өз есептерін ешкім оқымайтыны туралы есеп жариялады

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Біріккен Ұлттар Ұйымы шығынды азайту жолдарын қарастырған есеп жариялады. Бірақ сол есептің өзі күтпеген фактіні ашты – БҰҰ баяндамаларын көпшілік оқымайды, деп хабарлайды turkystan.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жұма күні ұйымға мүше елдерге UN80 реформасы аясында дайындалған осы есепті таныстырды. Құжат БҰҰ қызметкерлері Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесі секілді құрылымдардан түсетін мыңдаған тапсырмаларды қалай жүзеге асыратынын зерттеген.

Гутерриштің айтуынша, өткен жылы БҰҰ жүйесі 240 орган аясында 27 мың жиналыс өткізген. Сонымен қатар 1 100 есеп жарияланған, бұл 1990 жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп. Бірақ сол есептердің басым бөлігіне ешкім назар аудармайды.

Бас хатшы жұмыстың мұндай қарқынын тиімді деп санамайды. Ол жиналыстар санын азайтып, есептерді сирек әрі маңыздырақ етіп шығару арқылы ұйым жұмысына деген қызығушылықты арттыру қажет екенін айтты.

Тэгтер:

БҰҰ есеп Антониу Гутерриш