Инвесторларға арналған сайт ашылды
Инвесторларға арналған сайт ашылды
Алматыда инвесторларға арналған интернет порталы іске қосылды. Ендігі жерде барлық инвестор күн сайын қаланың инвестициялық әлеуеті туралы барлық қажетті ақпаратты ала алады.
Сайттағы деректер мен жаңалықтар ағылшын тілінде жарияланады.
Порталда сауда, қызмет көрсету, тамақ өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, логистика және басқа да саланың ашылғаны көрсетіледі. Бұдан өзге инвесторлар атқарған шаруаларына есеп беріп, өздерінің ұсыныс пікірлерін қалдыра алады. Порталда «онлайн» режімінде инвесторлар кеңесін, инвестициялық форумдар және басқада іс-шаралар тікелей эфирде ұйымдастырады. Яғни олар кеңселерінде отырып-ақ, тікелей байланысқа шыға алады.
Әрсен Насырханов, Инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры:
- Бұл порталдың ішінде ең бастысы инвесторлардың көптеген қойылатын сұрақтарына жауап қарастырылған. Соның бірі мысалға айта кететін болсақ, осы бизнес визаларды алу қалай жүзеге асырылады одан кейін ТОО немесе жеке тұлғаның процедуралары жазылады. Одан кейін қандай приференциялар және субсидиялар инвесторлар көрсетілетін заңнамға сәйкес берілетін туралы анықтай жазылады.