Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Көлік вице-министрінің ұсталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Комитеттің ақпаратынша, ол жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қазақстан Көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ұстап, сот санкциясы негізінде қамауға алды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», - делінген Қазақстан ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, Көлік министрлігінің сайтындағы ресми ақпаратқа сәйкес, ведоство басшысының оның 3 орынбасары бар:
- Сәтжан Әбілалиев,
- Талғат Ластаев,
- Мақсат Қалиақпаров.