Әйгілі әнші Димаш Құдайберген продюсер әрі композитор Игорь Крутойға жүрек толқытарлық жазба арнады, деп хабарлайды turkystan.kz.
3 тамыз күні Instagram-дағы парақшасында ол маэстроға туған қарындасының тойына арнайы келгені үшін алғыс айтты.
"Құрметті Игорь Яковлевич, менің туған қарындасымның тойы сияқты маңызды да толқынысқа толы күнді бізбен бірге бөліскеніңіз үшін үлкен рақмет. Сіздің келуіңіз – біз үшін құр ғана құрмет емес, шынайы жылылыққа, жан дүниеге және нағыз достыққа толы үлкен сый болды. Сізді әрдайым ұлы композитор ретінде танып келдік, бірақ мен үшін ең қымбат нәрсе – өзіңізде адамдарға ашық жүрек пен үлкен адамгершіліктің болуы. Музыкада да, өмірде де достығыңыз үшін рақмет", - деп жазды Димаш.