«Қазгидромет» РМК мамандары 2025 жылдың 4–6 тамызы аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астана қаласы бойынша:
4 тамыз: Аспанда бұлт сейіледі, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан соққан жел түнде 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +9…+11°, күндіз +18…+20°.
5 тамыз: Аспан бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел солтүстік-шығыстан, жылдамдығы түнде 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с. Түнгі температура +8…+10°, күндіз +20…+22°.
6 тамыз: Түнде бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз бұлтты, жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°, күндіз +25…+27°.
Алматы қаласы бойынша:
4 тамыз: Түнде бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Күндіз – қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді. Түнде +17…+19°, күндіз +26…+28°.
5 тамыз: Бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с, екпіні 18 м/с дейін. Температура түнде +16…+18°, күндіз +26…+28°.
6 тамыз: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с, екпіні 18 м/с дейін. Түнгі ауа температурасы +15…+17°, күндіз +28…+30°.
Шымкент қаласы бойынша:
4 тамыз: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21°, күндіз +35…+37°.
5 тамыз: Бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Желдің бағыты өзгермейді. Температура түнде +19…+21°, күндіз +35…+37°.
6 тамыз: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Түнде +18…+20°, күндіз +35…+37°.
Мамандар аптап ыстық күндері күннен қорғануды және ауа райы құбылыстарына байланысты сақтық шараларын ұстануды ескертеді.