Алматы облысының тауларында тағы да өрт шықты

Бүгін, 20:08 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Алматы облысының Қарасай ауданында, Долан ауылы маңындағы таулы аумақта құрғақ шөп пен бұталардың өртенгені туралы ақпарат тіркелді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне мәлімдеді.

Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласының ТЖД-нің, Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың және ҚР ТЖМ-нің 28237 әскери бөлімінің 100-ден астам қызметкері мен 20 техника бірлігі жұмылдырылды.

«Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы су төгу құрылғысы арқылы әуеден су шашуда.

ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру жұмыстары тік таулы жер бедері, өрт аумағына апаратын жолдардың болмауы, шөптің қалыңдығы мен бұталардың көптігі салдарынан қиындатылған.