ҰҚК бір айда жемқорлыққа қатысты 17 қылмыстық іс қозғады

2 тамыз, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі шілдедегі жұмыстардың қорытындысын шығарды.

Бір ай ішінде 17 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, атап айтқанда:

билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану - 3;

пара алу - 5;

пара беру - 4;

алаяқтық - 2;

жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу – 1;

лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану – 1;

кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу – 1.

Мына баптар бойынша 16 қылмыстық іс сотқа жіберілді:

сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу - 1;

алаяқтық - 6;

ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру - 1;

қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) - 1;

лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану - 1;

пара алу - 2;

пара беру - 3;

қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру - 1.

Аяқталған істер бойынша мемлекетке жалпы сомасы 113,6 млн теңгеге келтірілген залал қайтарылған.

Сонымен қатар 619,1 млн теңге мүлікке тыйым салынды. Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 2 адамға 471,84 мың теңге сомасында сыйақы берілді.