World Boxing аясында Таиланд астанасы Бангкок қаласында 19 және 22 жасқа дейінгілер арасында 2025 жылғы Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде қазақстандық сегіз боксшы сынға түсті.
Онда алдымен 19 жасқа дейінгілер шаршы алаңға шықты. Жетеуі қарсыластарын қапы қалдырып, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Қазақстандық боксшылардың алғашқы жекпе-жегі туралы нәтиже төмендегіше:
Ұлдар
50 келі. Әділ Асқанбай — Чой Цзюнь Вон (Оңтүстік Корея). Төрешілер шешімімен жеңіс корейлік боксшыға берілді.
70 келі. Бейбарыс Әшірбай — Фарух Юлдашев (Түркменстан). Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске қазақстандық боксшы лайық деп танылды.
80 келі. Тимур Тайбеков — Бенджамин Райан Ли (Сингапур). Жекпе-жек үшінші раундта техникалық нокаутпен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.
90 келіден жоғары. Бексұлтан Қайратұлы — Ислам Салихов (Өзбекстан). Төрешілер шешімімен жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.
Қыздар
48 келі. Диана Серікбаева — Ким Юн Цзы (Оңтүстік Корея). Жекпе-жек бірінші раундта техникалық нокаутпен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.
51 келі. Айым Таңқыбаева -Тран Тхи Хоа (Вьетнам). Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске қазақстандық боксшы лайық деп танылды.
54 келі. Жанель Имантаева — Муслима Тургонова (Өзбекстан). Төрешілер шешімімен жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.
57 келі. Аяжан Ермек — Сакура Окаяма (Жапония). Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске қазақстандық боксшы лайық деп танылды.
Аталған дода World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтетін жастар арасындағы алғашқы құрлық біріншілігі. Сонымен қатар 26 елден 400-ге жуық спортшы қатысады.
Құрлықтық дода 11 тамызға дейін жалғасады.